Қазір қаланың барлық жерінде карантинге байланысты техникалық қызметтердің жұмысы тоқтап тұр
Көлік құжаттарының жарамдылық мерзімі өтсе, айыппұл салына ма? Біздің айтып отырғанымыз төтенше жағдай кезінде. Арнамызға жүргізушілерден осындай сұрақ көп түсіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Қазір қаланың барлық жерінде карантинге байланысты техникалық қызметтердің жұмысы тоқтап тұр. Мәселен, көлікті техникалық байқаудан өткізу, жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кетсе не істеуге болады? Оған айыппұл салына ма?
Жүргізуші Дәурен Айсабектің көлігінің техникалық байқауының мерзімі өткен. Ал, қайтадан жаңартайын десе карантинге байланыста техникалық қызмет көрсету орталықтарының барлығы жабық. Қала ішінде жүріп тұруға рұқсат қағазы бар ол енді полиция қызметкерлері тоқтатып айыппұл сала ма деп алаңдап отыр.
Дәурен Айсабек, көлік жүргізуші:
– Техосмотрымыз, сақтандыру полюсымыздың уақыты өткеніне байланысты қандай кешірімдер болады? Барлық жерде негізі көлік құралдарын тексеру орындары мен сақтандыру полюсін беретін орындардың жабылып қалуына байланысты жол полиция қызметкерлері бізді тоқтатқан жағдайда кешірім бола ма?
Осы мәселе бойынша арнамызға арыздарын жолдаған жүргізушілердің саны соңғы кезде көбейе бастады. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінш, жүргізуішілердің уайымдауына еш негіз жоқ. Себебі, аталған мәселенің бәріне төтенше жағдайда кезінде жеңілдік қарастырылған дейді.
«Төтенше жағдайдың орын алуына байланысты кейбір азаматтардың жеке куәлігі, төл құжаты және жол жүру куәлігінің мерзімі өткеннен кейін уайымдап қалатын кезі бар. Алаңдаудың еш қажеті жоқ. Өйткені бұл норма кейінге шегерілді. Құжаттарды тапсырудың уақыты келсе де, қандай да бір айыппұл немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту сияқты процедуралар жүргізілмейді», – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.
Салтанат Әзірбектің сөзінше, бұл құжаттарын төтенше жағдай кезінде жоғалтып алғандарға да қатысты. Яғни, карантин мерзімі аяқталған соң жүргізушілер еш айыппұлсыз қайта қалпына келтіре алады. Немесе электронды цифрлы қолтаңбаңыз болса егов порталы арқылы онлайн тапсырыс беруіңізге болады.
Қуан Нұрақын, «Алматы» арнасы