Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды
Алматыдағы Интерконтиненталь қонақүйінде ер адам өзінің туған баласын тұншықтырып өлтірді.
Мұны қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқиға кеше болған. Таңғы сағат 6-да фойеде әйелдің қатты айғайлап жылағаны естіліпті. Оның күйеуі баланы қылғындырып өлтірген. Қазір адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Басқа ақпараттар полиция тергеу мүддесі үшін жарияламады.