Алматыда троллейбус өртке оранды

07.06.2019 в 03:38

Жалынның көлік төбесінің бір бөлігін алып кеткенін кадрдан анық көруге болады

Алматыда қалалық троллейбустардың бірінде өрт шықты. Жолаушылардың бірі төтенше жағдайды бейнежазбаға түсіріп алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға бейнеленген видео Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды.

Бейнежазбаның астында оқиғаның Абай көшесі бойындағы орталық алаңға қарама-қарсы жерде болғаны айтылған.

Жалынның көлік төбесінің бір бөлігін алып кеткенін кадрдан анық көруге болады. Бірнеше адам өртті сөндіру үшін троллейбустың үстіне шықты.

Автобус жүргізушілерінің бірі әріптесіне көмек көрсету үшін тоқтады. Ол жалынды сөндіру үшін адамдарға көліктегі барлық өрт сөндіргіш құралдарын берген.