|
Jol
30.08.2024 | 22:54
1306

Алматыдағы Есентай көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды

Алматыдағы Есентай көшесінде көлік қозғалысы шектеледі elements.envato.com

31 тамыз сағат 08:00-ден 2 қыркүйек сағат 19:00 аралығында Алматының Алмалы ауданында Есентай көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, telegram @AlmatyJoly арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS-те орналастырылған.

«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша  қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир