«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды
31 тамыз сағат 08:00-ден 2 қыркүйек сағат 19:00 аралығында Алматының Алмалы ауданында Есентай көшесінің бойымен Мақатаев көшесінен Райымбек даңғылына дейін көлік қозғалысы жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылу беру маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыр учаскесінде жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, telegram @AlmatyJoly арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармаларының әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS-те орналастырылған.
«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.