Жарылыс кезінде зардап шеккендердің саны 60 адамға жетті

27.08.2021 04:40

Бұған дейін қорғаныс министрлігі 32 адамның медициналық көмекке жүгінгенін хабарлаған болатын

стоп-кадр

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен түскен адамдардың саны 60-қа жетті, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде 11 адам — әскери қызметкер. Жарақат алғандардың жеке басы анықталып жатыр.

Ведомство мәліметінше, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін әскери бөлімге жақын үйлердің адамдары қауіпсіз жерге көшірілген.

Оқиға орнына Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрлері, Қорғаныс министрінің орынбасары, Қорғаныс ведомствосының комиссиясы мінген Әскери әуе күштерінің әскери-техникалық авиация борты ұшып кетті.