Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, бір адам мерт болды

ашық дереккөзден
ашық дереккөзден
Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын тексеріп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс айналма жолының бойында жантүршігерлік жол апаты болып, көлік жүргізушілерінің бірі мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тойота Калдина мен Мерседес Гелендваген автокөліктері қаланың солтүстік бағытына қарай жүйіткіп бара жатқан. Куәгерлердің сөзінше, жүргізушілер өзара жарысқан көрінеді. Жол талғамайтын автокөлікті тізгіндеген азамат Диваев көшесіне жетпейтін жерде рөлге ие бола алмай арыққа қарай шығып кеткен. Бейнежазбада көліктің аударылып барып жол үстіне бір-ақ тоқтағаны байқалады. Ал ішіндегі жүргізуші салоннан ұшып кеткенге ұқсайды. Өкінішке қарай, қатты болған соққыдан Гелендваген иесі сол жерде жан тәсілім еткен. Оқиға орнына келген полицейлер Мерседестің алдыңғы нөмірі алынып, ол машинаның жүксалғышында жатқанын анықтаған. Ал тойота көлігінің тіркеуден алынып тасталғаны белгілі болған. Қазір полиция қызметкерлері жол апатының мән-жайын тексеріп жатыр.





Новости партнеров