Қызылорда облысында тікұшақ апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты

 Tengrinews.kz
Tengrinews.kz
Тікұшақ Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 адам қаза тапты. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-парақшасына жазды.

«Қызылорда облысында Қорғаныс министрлігінің тікұшағы апатқа ұшырады.Әскери жаттығу кезінде Ақтау-Шымкент бағытында ұшқан. Өкінішке қарай,экипаж мүшелері қаза тапты. Тергеу жұмыстары жүргізіледі.Қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтамын. Отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі», - делінген Мемлекет басшысының хабарламасында.

Айта кетейік, МИ-8 тікұшағы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында бүгін кешке апатқа ұшырады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, аталмыш тікұшақ 4 бірдей әскери тікұшақ құрамынан тұратын бөліммен бірге Ақтау қаласынан Шымкентке ұшып бара жатқан. Ұшу сапары арнайы бөлімшелердің «Алтын жебе» кешенді оқу және жаттығу аясында қараңғы уақытта әрі күрделі метеорологиялық жағдайда жүргізілген.

Новости партнеров