Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды

13.04.2020 04:33

Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады

qazweek.kz

Алматыда жұмыссыз режим 30 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Tөтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың шешімімен барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы тоқтатылды. Рұқсат тек қаланың өмірін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін беріледі. Осы күнге дейін рұқсат алған және мәліметтер базасына енген компаниялар қалада кедергісіз жүре алады.