|
10.05.2021 | 23:36
6180

Желіде Шығыс Қазақстандағы Лесхоз кентінде болған өрттің видеосы тарады

Өртті жою үшін керекті құралдар жеткілікті екені хабарланды

Желіде Шығыс Қазақстандағы Лесхоз кентінде болған өрттің видеосы тарады

Қазіргі уақытта ШҚО-да өрт болған жерде жергілікті атқарушы органдардың, ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелерінің және орман шаруашылығының жеке құрамынан 208 адам және 47 бірлік техника жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде Лесхоз кентінде болған өрттің видеосы тарады.  

«Өрт алаңы 310 гектарға жетіп, 35 үй өртенді. Өртті жою үшін керекті құралдар жеткілікті. Оқиға болған жерге қосымша 3 автоцистерна мен 15 құтқарушы қосымша бара жатыр. Қажет болған жағдайда көмекке қосалқы техника тартылатын болады. ШҚО ТЖД қауырт желі телефоны жұмыс істей бастады. Көмекке мұқтаж барлық адамдар 8(7232) 55-38-19 нөміріне қоңырау шала алады, онда психологтар олармен жұмыс істеуге дайын. ШҚО ТЖД Дағдарыс орталығында жедел штаб құрылды», – делінген хабарламада.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир