Қаратауда жантүршігерлік оқиға: белгісіз біреулер қызды өртеп кеткен

26.04.2019 14:06

Дене жоғалып кеткен жеткіншектікі болуы мүмкін деген болжам бар

Жамбыл облысының Қаратау қаласында баланың өртеніп кеткен денесі табылды.

Қазір мәйітті тану мүмкін болмай жатыр. Себебі қатты жанып кеткен. Ал таяуда осы қалада 8 жастағы қыз жоғалған еді. Үшінші сынып оқушысы би үйірмесіне кетіп, қайта оралмаған, деп хабарлады Sputnik.

Дене іздеудегі жеткіншекке тиесілі болуы мүмкін деген болжам бар.

«Мәйіттің жеке басын анықтау үшін барлық қажетті сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Анасы киім қалдықтарына қарап қызымдікі деп болжап отыр. Бүгінде қылмысты ашуға бағытталған жедел іздестіру жұмыстары жалғасуда», - дейді Жамбыл облыстық Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев.