Жөнделетін аумақта ескерту белгілері қойылады
Оңдасынов көшесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ 21 қыркүйекте сағат 09:00-ден 21:00-ге дейін Оңдасынов көшесінің Достық даңғылынан МТФ көшесіне дейінгі учаскеде қөлік қозғалысы шектелетін болады. Айналма жол «Европолис» ТҮК аумағы арқылы қамтамасыз етіледі. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады.
«Жөндеу жұмыстары кезеңінде №107 маршруттың қозғалыс сызбасы екі бөлікке бөлу арқылы өзгертілетін болады. «Абдуллиндер көшесі» соңғы аялдамасынан жөндеуге жабылған жерге дейін 2 автобус, ал жабылған жерден «Көлсай шағынауданы» соңғы аялдамаға дейін 2 автобус қатынайды», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде орналастырылған.