Алматыда Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

12.09.2026 14:07

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

Аlmaty.tv

Абай даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

13 қыркүйекте сағат 06:00-ден 14 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін Саин көшесінен Б. Момышұлы көшесіне дейінгі аралықта автокөлік қозғалысы жабылады.

Жұмыс мерзімі ауа райы жағдайы мен технологиялық үдеріске байланысты өзгеруі мүмкін.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, жол қозғалысына енгізілетін шектеулер туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыға халықаралық марафонға қатысу үшін 60-тан астам елден желаяқтар келеді

Толық көрсету