Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

08.09.2026 16:06

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

Depositphotos.com

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 8 және 9 қыркүйек күндері сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін Райымбек даңғылынан Мәметова көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS  қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезеңінде толық жабылады

Толық көрсету