Алматыда Алатау даңғылының аумақтарында көлік қозғалысы шектеледі

09.10.2026 17:22

Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз

Аlmaty.tv

Алматыда инженерлік желілерді қайта орналастыру жұмыстарына байланысты Алатау даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 10 және 11 қазан күндері сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай орналасқан Алатау даңғылының жергілікті аумағында көлік қозғалысы кезекпен ұйымдастырылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысына енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда Брусиловский көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Толық көрсету