Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады
Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Центральная көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына (БАКАД) дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Центральная көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Атап айтқанда, 7–12 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі бөлікте көлік қозғалысы тоқтатылады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алған жөн.
Еске саламыз, көлік қозғалысына енгізілетін шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Алматыда «Жасыл ел – 2026» маусымы қорытындыланды