Алматыда екі күн түнгі уақытта Омаров көшесінің бірқатар бөлігі жабылады

Depositphotos
Depositphotos

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Көктөбе» аялдамасы маңындағы Омаров көшесінің учаскелерінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл шаралар айналым алаңының құрылысы аясында газ құбырын қайта жүргізу жұмыстарына байланысты жүзеге асырылады.

  • 27 қыркүйек күні сағат 21:00-ден 28 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін қозғалыс Омаров көшесі, 7 мекенжайындағы мешіттен жоғары бөлікте жабылады.
  • 28 қыркүйек күні сағат 21:00-ден 29 қыркүйек сағат 07:00-ге дейін қозғалыс Омаров көшесі, 77 мекенжайының бойында тоқтатылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақтайшалар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматыда халықаралық Be WOMAN Asia 2025 форумы басталды

Новости партнеров