Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады
Исинәлиев көшесінің бір бөлігін орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
21 шілде күні сағат 22:00-ден 22 шілде сағат 06:00-ге дейін қозғалыс №24 үйден бастап Жолбарыс көшесіне дейін жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.
Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карты» сервистерінде жарияланған.
Оқи отырыңыз: Шымкентте көлік жүргізушісі тепловозбен соқтығысты