Жалпы 347 көше, ұзындығы 281 шақырым жол жөндеуден өтті
Алматының Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы биылға жоспарланған көшелердің орташа жөндеу жұмыстарын толық аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Орташа жөндеу аясында жол бойына жаңа асфальт төселіп, тротуарлардың бұзылған тұстары мен арық жүйелерінің науалары қалпына келтірілді.
Жалпы 347 көше, ұзындығы 281 шақырым жол жөндеуден өтті. Соның ішінде ұзындығы 40 шақырым болатын 15 магистральдық көшедегі жөндеу жұмыстары 1 қыркүйекте аяқталды. Бұл Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Ұлықбек, Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханұлы, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері мен Назарбаев даңғылының учаскелері. Сонымен қатар, ұзындығы 241 шақырым болатын аудандық маңызы бар 332 көше орташа жөндеуден өтті.
Аудандарға бөлсек:
Бұған қоса, Алғабас, Әлмерек, Шұғыла, Ақжар, Боралдай, Жас Қанат, Рахат-Мәдениет шағынаудандарында биыл 35 шақырым жаңа жол салынды. Осылайша, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 95 пайызға жетті.
Оқи отырыңыз: Алматыда 12 мыңға жуық орынға арналған 8 мектептің құрылысы аяқталуға жақын