Алматыда әл-Фараби даңғылының бір жолағы ішінара жабылады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Көлік қозғалысы газ құбырын жаңарту жұмыстарына байланысты уақытша шектеледі

 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

1974 жылы пайдалануға берілген орта қысымды жер асты газ құбырын жаңарту жобасы аясында Алматыда құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Жұмыстар Луганский көшесінен (Армянская көшесінің қиылысы) Esentai Mall сауда орталығының автотұрағына дейінгі аралықты, сондай-ақ Мендіқұлов бульварын қамтиды. Бұл туралы «Qazaqgaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Осыған байланысты 2025 жылғы тамыз айынан бастап әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігінде – Луганский көшесінен бастап Достық, Назарбаев даңғылдары мен Померанцев көшесі арқылы Қаратаев көшесіне дейін – көлік қозғалысы ішінара шектеледі. Жөндеу жұмыстары екі айға созылады деп жоспарланып отыр.

Жоба аясында диаметрі 426 мм болатын қолданыстағы жерасты газ құбыры 720 мм құбырға ауыстырылады. Бұл жаңғырту жұмысы 17 988 пәтер мен 288 жеке тұрғын үйді тұрақты әрі қауіпсіз газбен қамтуға мүмкіндік береді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Жөндеу жұмыстары қаланың инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және оның тұрақтылығын арттыру мақсатында жүргізілуде.

Еске саламыз, қозғалыс шектеулеріне қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» пен «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланған.

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің кей өңірінде қатты ыстық болады

Новости партнеров