Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері орнатылады
Майлин көшесінің бір бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
1-КЕЗЕҢ: 22 шілде күні сағат 23:00-ден 23 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс ВАЗ айналма жолынан бастап Бұқтырма көшесіне дейін жабылады.
2-КЕЗЕҢ: 23 шілде күні сағат 23:00-ден 24 шілде сағат 6:00-ге дейін қозғалыс Бұқтырма көшесінен бастап ВАЗ айналма жолына дейін жабылады.
Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым жетекшісінің байланыс деректері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.
Айта кетейік, қозғалысқа шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS сервисінде жарияланған.
Оқи отырыңыз: Биыл Түрксіб ауданында 21,2 шақырым кәріз желісінің құрылысы аяқталады