Алматыда Марков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

26.07.2025 14:02

Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз

Аlmaty.tv

Алматы қаласында Марков көшесінің кей бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

  • 1-КЕЗЕҢ: 26 шілде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.
  • 2-КЕЗЕҢ: 27 шілде сағат 22:00-ден 28 шілде сағат 08:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Павлов көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.

Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысына қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: "Алатау" театрының қойылымы халықаралық фестивальде Еуропа халқын тәнті етті