Алматыда Орталық көшесінің бір бөлігі бірнеше түнге жабылады
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері орнатылады
Саин көшесін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту жұмыстары аясында Алатау ауданындағы Орталық көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, 29 қазан мен 3 қараша аралығында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін Аруана көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.
Аталған учаскені Аруана көшесімен оңтүстік бағытта, Мәдениет шағынауданындағы көшемен шығыс бағытта және Саин көшесімен солтүстік бағытта айналып өтуге болады.
Жөндеу жұмыстары жүргізілетін аумақта ескерту жол белгілері орнатылады. Жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.
Еске салайық, көлік қозғалысына қатысты барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» сервистерінде жарияланады.
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі бойынша кеңес өткізді