Алматыда Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

02.05.2026 10:56

Көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Аlmaty.tv

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Шемякин көшесінің бір учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Атап айтқанда, 2 мамыр сағат 22:00-ден 6 мамыр сағат 06:00-ге дейін Кожедуб көшесінен Хмельницкий көшесіне дейінгі арылықта қозғалыс толық жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарынан бағытын алдын ала жоспарлау сұралады.

Еске салайық, қозғалысқа енгізілетін барлық шектеу туралы ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» қосымшаларында жарияланады.

Оқи отырыңыз: «Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды