Алматыда түнде Оспанов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының шығыс бөлігінде арық жүйесін салу және қайта жаңарту жобасы аясында Экология және қоршаған орта басқармасы мердігер ұйым – «АлматыДорСтрой» компаниясымен бірлесіп, Оспанов көшесінде арық желісінің өткелін салу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осыған байланысты 2025 жылы 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 06:00-ге дейін көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Шектеу «Эдельвейс» тұрғын үй кешенінен Жамақаев көшесіне дейінгі учаскеде енгізіледі.

Айта кетейік, уақытша қозғалыс шектеуі туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде жарияланады. Сондай-ақ мәліметтер 2GIS пен Яндекс карталарындв да қолжетімді.

Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және қала тұрғындары мен қонақтарынан бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Елде 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

Новости партнеров