Алматыда Ұлықбек көшесі жабылады

Talal elmountassir/unsplash.com/
Talal elmountassir/unsplash.com/

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ұлықбек көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтсақ, 31 шілде күні сағат 21:00-ден 1 тамыз күні сағат 07:00-ге дейін Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Полиция қызметкері емес: Ақтауда әйел көпқабатты үйден құлап, көз жұмды

Новости партнеров