Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады
Алматыда Желтоқсан көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
BRT жобасын жүзеге асыру аясында Желтоқсан көшесінде құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
Осыған байланысты 19 шілде күні сағат 08:00-ден 20 шілде сағат 06:00-ге дейін Абай даңғылынан Төле би көшесіне дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
20 шілде күні сағат 08:00-ден 21 шілде сағат 06:00-ге дейін Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі аралықта қозғалыс жабылады.
Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйымның байланыс ақпараты бар тақта қойылады. Бағытты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Сонымен қатар қозғалысқа шектеу қою жөніндегі толық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде және 2GIS және «Яндекс карталарында» жарияланған.
Оқи отырыңыз: Реновация бағдарламасы: Алматыда 600-ден астам тұрғын жаңа пәтерге қоныстанады