Алматыда Сейфуллин даңғылының учаскелері жабылады

elements.envato.com
elements.envato.com

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Сейфуллин даңғылы учаскелерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.  
 
1 УЧАСКЕ: 24 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін Тобаяқов көшесінен Сейфуллин-Жансүгіров жолайрығына дейін көлік қозғалысы жабылады. Айналма жол Радищев, Тобаяқов және Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.

2 УЧАСКЕ: 25 қыркүйекте сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін қозғалыс Ақпаев көшесінен Рысқұлов даңғылына дейін жабылады. Айналма жол Ақпаев пен Жансүгіров көшелерімен қамтамасыз етіледі.

Жөнделетін учаскелерде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты бар стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалыстарды шектеуге қатысты барлық ақпарат  Almaty.kz айтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталар» сервистерінде бар.

Оқи отырыңыз: Алматыда троллейбус фестивалі өтті

Новости партнеров