Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады
Жұбанов көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Атап айтқанда, 3 қыркүйек сағат 23:00-ден 4 қыркүйек сағат 05:00-ге дейін Өтеген батыр көшесінен Алтынсарин даңғылына дейінгі аралықта асфальтбетон жабындысының жоғарғы қабатын төсеуге байланысты көлік қозғалысы толық жабылады.
Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Жөндеу жұмыстарының мерзімі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке байланысты өзгеруі мүмкін.
Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.
Оқи отырыңыз: Мұрат Қайырбек президенттің Құрылтайдағы өкілдігінің басшысы болды