Референдумға дейін:
10
күн
14
сағат
47
минут

Алматының бірнеше көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv

Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

10 тамыз күні сағат 09:00-ден 11:00-ге дейін Алматыда көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
– Абай даңғылы бойымен — Назарбаев даңғылынан Достық даңғылына дейін;
– Достық даңғылы бойымен — Құрманғазы көшесінен Сәтбаев көшесіне дейін.

Шектеулер Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне байланысты енгізіледі.

«Қала тұрғындары мен қонақтарын ұлы ақынның рухына тағзым ету мақсатындағы салтанатты рәсімге қатысуға шақырамыз. Іс-шара сағат 10:00-де Республика сарайының алдындағы Абай алаңында басталады.
Уақытша қозғалыс өзгерістерін ескеріп, жол жүру ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігі.

Еске салайық, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай Алматыда жыл соңына дейін 120-дан астам іс-шара өткізу жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопес концерті: 10 тамыз күні Алматыда қозғалыс қалай ұйымдастырылады

Новости партнеров