Аптап ыстық: Түркістанда жол жабыны көтеріліп, жарықтар пайда болды

Оңтүстік өңірде сынап бағанасы 40 градустан төмендемей тұр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістанда аптап ыстықтан жолдар бұзылып жатыр. Күннің 45 градусқа дейін ысуы салдарынан «Шымкент–Тараз» трассасының бір бөлігінде жол жабыны көтеріліп, жарықтар пайда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жағдай көлік жүргізушілеріне қиындық туғызып отырған көрінеді. Ал мамандар қауіпсіздікті сақтау мақсатында тұрақты бақылау жүргізіп жатқанын айтты.

 «Жол қызметінің мамандары жол жабынын қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдап, қысқа уақыттың ішінде барлық ақауларды жойды. Аталмыш жұмыстарға 3 бірлік арнайы техника мен 4 маман жұмылдырылды», – деді «ҚазАвтаЖол» Ұлттық компаниясы ақ ресми өкілі Сәкен Ділдахмет.

Айта кетейік, оңтүстік өңірде сынап бағанасы 40 градустан төмендемей тұр. Жаз басталғалы Шымкенттің өзінде бірнеше рет ауа температурасы рекорд жаңартқан. Мегаполисте ең жоғарғы көрсеткіш – 44,4 деп тіркелді. Мамандар мұның климаттық норма шегінен асып кеткенін айтты.

 «Қатты ыстық 29 шілдеге дейін күтіледі. 29 шілдеде ыстықтың беті 34-36 градусқа дейін төмендейді. Ал желге келетін болсақ 23 шілдеге дейін солтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді», – деді «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі Мейірбек Қаһарбеков.

Оқи отырыңыз: Алматыда Ұлықбек көшесінің бір бөлігі жабылады

Новости партнеров