Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы уақытша шектеледі
Almaty.tv
Шаляпин көшесінің учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
2024 жылғы 19 қазаннан 06:00-ден 21 қазанға дейін 06:00-ге дейін Шаляпин көшесіндегі қолданыстағы кәріз желілерінің құдығын ретке келтіруге қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, мына учаскелерде қозғалыс уақытша шектелетін болады:
- батыс бағытта Шаляпин көшесі бойымен Бауыржан Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін;
- оңтүстік бағытта Бауыржан Момышұлы көшесімен Шаляпин көшесінен Аманжолов көшесіне дейін.
Қозғалыстардың жабылуына байланысты №4, №15, №137 және №226 - маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілетін болады. Аталған учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүзеге асырылады.
Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.
Оқи отырыңыз: Бұқар жырау бульварындағы учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
23.11.2026 17:20
Алматыда 23-29 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.11.2026 08:10
Алматыда заңға бағынбаған жастар отшашу үшін айыппұл арқалап жатыр
23.11.2026 10:50
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
23.11.2026 10:20