Алматы көшелерінің бірінде жол қозғалысы уақытша шектеледі

17.10.2024 18:02

Шаляпин көшесінің учаскесінде жөндеу жұмысы жүргізіледі

 

elements.envato.com

2024 жылғы 19 қазаннан 06:00-ден 21 қазанға дейін 06:00-ге дейін Шаляпин көшесіндегі қолданыстағы кәріз желілерінің құдығын ретке келтіруге қатысты құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасының мәліметінше, мына учаскелерде қозғалыс уақытша шектелетін болады:

  • батыс бағытта Шаляпин көшесі бойымен  Бауыржан Момышұлы көшесінен Яссауи көшесіне дейін;
  • оңтүстік бағытта Бауыржан Момышұлы көшесімен Шаляпин көшесінен Аманжолов көшесіне дейін.

Қозғалыстардың жабылуына байланысты №4, №15, №137 және №226 - маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілетін болады. Аталған учаскені айналып өту Абай даңғылы бойынша жүзеге асырылады.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Бұқар жырау бульварындағы учаскеде қозғалыс уақытша шектеледі