Бүгін «Қайрат – Астана» футбол матчының өтуіне байланысты, қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 12:00-ден 18:00-ге дейін Сәтбаев көшесі бойымен — Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейінгі аралықта (шығыс–батыс бағытында) көлік қозғалысы уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы қаласының полициясы азаматтарды қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Оқи отырыңыз: Абаттандыру нәтижесінде Баум тоғайында жасыл желек көлемі ұлғаяды