Алматыда Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы бір түнге шектеледі

02.10.2026 16:55

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады

пресс-служба акима города Алматы

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 2 қазан сағат 22:00-ден 3 қазан сағат 09:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстігіндегі аумақта көлік қозғалысы шектеледі.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.

Толық көрсету