Алматыда Алдар Көсе және Жамақаев көшелерінің аумағында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

пресс-служба акима Алматы
пресс-служба акима Алматы

Жоба аясында Медеу ауданының тұрғындары үшін магистральдық су құбыры желісін салу қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2-7 қазан аралығында Алдар Көсе көшесінің учаскесінде (Сейфуллин даңғылының үстіндегі айналмалы қозғалыс) автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі. Бұл туралы Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба аясында Медеу ауданының тұрғындары үшін магистральдық су құбыры желісін салу қарастырылған. Аумақты батыс жақта Сейфуллин даңғылы, ал оңтүстік жақта Алдар Көсе көшесі арқылы айналып өтуге болады. 

Сонымен қатар 6-26 қазан аралығында әл-Фараби даңғылы мен Алдар Көсе көшесі арасында Жамақаев көшесінде де уақытша шектеу енгізіледі. Мұнда да су құбыры желілерін салу жұмыстары қолға алынған. 

Естеріңізге сала кетейік, уақыша шектеулер туралы барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram-арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ, 2Gis және Яндекс карталары сервистерінде жарияланады. 

Маршрутты алдын ала жоспарлауды және уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

 

Новости партнеров