Алматыда Қазыбек би көшесінде қозғалыс уақытша шектеледі

11.10.2024 10:35

Магистральдық құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі

elements.envato.com

11 қазан сағат 13:00-ден 12 қазан сағат 13:00-ге дейін Алматының Медеу ауданында Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейінгі Қазыбек би көшесінде көлік қозғалысы екі жаққа да жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Магистральдық құбыр желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін уақытша шектеу енгізіледі.

Айта кетейік, қозғалысқа қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктері мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ «2GIS» және «Яндекс карты» сервистерінде жазылған.

Уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және түсіністікпен қарауды өтінеміз.

Оқи отырыңыз: Алматының Түрксіб ауданында бос учаскелер абаттандырылды