Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Серіков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Depositphotos
Depositphotos
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін Тілендиев көшесін ұзарту жобасы аясында құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Серіков көшесіндегі қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Атап айтқанда, осы жылдың 14 ақпанынан 30 маусымына дейін Хамит Алтай көшесімен қиылысында қозғалыс толықтай жабылады. Бұл аумақты Қуанышбаев және Майқанова көшелері арқылы айналып өтуге болады. 

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта ескерту белгілері орнатылып, мердігер ұйым басшысының байланыс дерегі көрсетілген ақпараттық тақта қойылады. Жүргізушілерден бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске саламыз, көлік қозғалысына қатысты шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram-арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карталары» қосымшасында жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматылық дәрігерлер іш қуысының сирек дертіне шалдыққан жасөспірімді аман алып қалды

Новости партнеров