Алматыда Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

31.07.2025 18:07

Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз

Аlmaty.tv

Қабанбай батыр көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

31 шілде күні сағат 22:00-ден 1 тамыз сағат 06:00-ге дейін Қастеев көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеу қоюға қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудан әкімдіктерінің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс карты» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Мерейтойға тарту: 1922 жылғы Абайдың кітабы қайта жарық көрді