Алматыда Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Almaty.tv
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда LRT жобасын іске асыру аясында Абылай хан даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, 3 қазан сағат 08:00-ден 4 қазан сағат 20:00-ге дейін Мақатаев көшесінен Мәметова көшесіне дейінгі аумақта көлік қозғалысы жабылады.

Жөндеу жұмыстары жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері орнатылады. Бағытыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеуге қатысты барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карты» қосымшаларында жарияланады.