Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

20.06.2026 14:11
Depositphotos.com

Алматыда жеңіл рельсті көлік (ЖРК) жобасын жүзеге асыру аясында Төле би көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, - деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

20 маусым күні сағат 22:00-ден бастап Саин көшесінен Отар көшесіне дейінгі аралықта шығыс бағытындағы автокөлік қозғалысы уақытша шектеледі. Осы кезеңде көлік қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы (реверсивті) қозғалыс ұйымдастырылады. 

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жалғасады. Ал 25-30 маусым аралығында дәл осындай жұмыстар көшенің қарама-қарсы бетінде жүргізіледі. Осы кезеңде реверсивті қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауға кеңес беріледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Орталық Азиядағы ең биік таулы падел алаңы ашылды