Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Әуезов ауданында Яссауи көшесінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Достық шағынауданының аумағында су құбыры мен кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына байланысты 2025 жылғы 15 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында Яссауи көшесі толық шектеледі:

  • 7-кезең: Ш. Қажығалиев көшесінен Ташкент көшесіне дейін.

Инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жердің тығыз тасты құрылымына байланысты ашық әдіспен жүргізіледі. Бұл көлденең бағытта бұрғылау (КББ) әдісін қолдануға мүмкіндік бермейді.

Тұрғындар мен автокөлік жүргізушілерінен уақытша енгізілетін шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды және уақытша жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз: Алматыда Розыбакиев пен Байқадамов көшелерінің қиылысында көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Новости партнеров