Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

05.09.2026 15:43

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта жүргізушілерге арналған ескерту белгілері орнатылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алтынсарин даңғылының бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

5-9 қыркүйек күндері сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Қабдолов көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы толық тоқтатылады. Бұл аралықта жолға жаңа асфальтбетон жабыны төселеді.

Жөндеу жүргізіліп жатқан аумақта жүргізушілерге арналған ескерту белгілері орнатылады. Жұмыс кестесі ауа райына немесе өндірістік қажеттілікке қарай өзгеруі мүмкін.

Еске салайық, көлік қозғалысын шектеу туралы барлық ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Оқи отырыңыз: Алматының туристік әлеуеті MATTA Fair көрмесінде таныстырылып жатыр

Толық көрсету