Аида Балаева референдумда дауыс берді

05.06.2022 14:13

Референдум учаскесі жұмысын сағат 07:00-де бастады

ҚазАқпарат

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева референдумға ерте келгендердің бірі болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аида Балаева елордадағы №111 референдум учаскесінде таңдауын жасады.

«Референдумға қатысушылардан белсенділік күтеміз. Үгіт-насихат кезінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әлеуметтік желіден байқасақ, референдумға келіп, өз таңдауын жасайтындар көп. Бүгін сол іс жүзінде дәлелденсе деймін. Референдум учаскелері таң ертесімен жұмысын бастап кетті. Адамдардың келу қарқыны да жақсы», - деді А. Балаеваның ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Референдум учаскесі жұмысын сағат 07:00-де бастады.