Сенат төрағасы дауыс беруге сағат 9:00-де келді
ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы №111 референдум учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев №111 референдум учаскесіне барып, дауыс берді. Тілшілерге берген сұхбатында елдің дамуына қатысты саяси өзгерістер референдумға шығарылып, халық таңдауына беріліп жатқанын тілге тиек етті.
«Елімізде осындай белсенді жұмыстар жүргізілді. Орталық сайлау комиссиясы, жергілікті комиссиялар дайындық жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі референдумға 270-ке жуық шетелден арнайы бақылаушылар келді», – деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов та референдум учаскесінен табылды. Мәжіліс спикері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ғимаратындағы №110 учаскеде дауысын берді.
«Референдумға қатысуым - жеке таңдауым» деген еліміздің Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин
№111 референдум учаскесінде дауыс берді. Мемлекеттік хатшының айтуынша, бұл саяси реформаға әсіресе жастардың қызығушылығы жақсы. Жас буынның саяси, экономикалық, әлеуметтік даму жағдайына қатысты сұрағы көп дей келе, әрбір қазақстандық өз таңдауын жасайды деген сенім білдірді. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов та таңдау жасау үшін Ұлттық кітапхана қабырғасындағы №111 учаскеге барды. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.