Халық мүддесін қолдайтын, жүйе қалыптасады: ғалымдар Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырды

Халық мүддесін қолдайтын, жүйе қалыптасады: ғалымдар Мемлекет басшысының бастамасын қолдауға шақырды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда халық мүддесін қолдайтын, үніне құлақ асатын жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасады деп ойын білдірген ғалымдар Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов халықты Конституцияның  жаңа баптарын талқылап, ой қосуға шақырды.

«Конституция 3 рет өзгертілген. Бірақ ол кезде референдум болған жоқ. Оны Парламент қабылдады, ал бұл жолы түбегейлі өзгерістер енгізеді. Суперпрезидентік басқарудан  демократиялық басқару жүйесіне өту, Парламент пікірін тыңдау, Үкіменттің оны талапқа сай орындауы, осының бәрі -  Конституцияда бекітілуі керек. Конституцияның  жаңа баптарын талқылап, ой қосуға шақырамын. Бәріміз бір ауыздан қолдайық. Өйткені, бұл - Отанымыздың келешегі», – деді ҚР ҰҒА президенті Мұрат Жұрынов.

Ал білімсіз елге айналып барамыз деген экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден өз ұсынысын Ата заңға енгізілетін өзгертулерге қосу керегін алға тартты.

«Мен «ҚР білім мен ғылымға басымдылық береді» деген принципті Конституцияға енгізу керек деп ұсыныс жасар едім. Не үшін дейсіздер ғой? Отыз жылда білімсіз елге айналып барамыз. Білімді ел ғана қиындықтан алып шығады. Халық бәрін шешеді. Сондақтан халықты рефедендумға шақырғаны дұрыс», – деді ҚР ҰҒА акдемигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Оразалы Сәбден.

М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжановтың айтуынша, өркениетті елдерде өзекті мәселелерді референдумда шешу тәсілі қолданыста бар.

«Өркениетті елдерде халықтың үнін, пікірін, мүддесін есепке алу үшін өзекті мәселелерді референдумда шешу тәсілі бар. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені көптен бері көтеріп келеді. Президент Қаңтар оқиғасынан кейінгі кезеңдегі өз сөзінде Жаңа Қазақстанды құру және Жаңа Қазақстан қандай болады деген мәселеге қатысты ойын ашық айтып жүр. Әділетті Жаңа Қазақстан құру үшін Ата заңға өзгеріс енгізу керек.  Қазақстанда халық мүддесін қолдайтын, халықтың үніне құлақ асатын, Президенттік және Парламенттік, сонымен қоса есеп беретін Үкіметі бар жаңа мемлекеттік жүйе қалыптасады деген ойдамыз», – деді М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов.

«Ауыл әкімдерін сайлау – өзгерістің бастамасы» деген «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов халықты референдумды қолдауға шақырды.

«Болашақты біз үшін ешкім шешпейді. Кеше ауыл әкімі сайланды. Олардың мүмкіндігі әлі де  ұлғаяды ғой болашақта, бірақ саяси шешім болды. Ол іске асты.  Сайлау комиссиясы бүкіл өңірде кездесу ұйымдастырды, халық пікірін айтты. Бұрын мұндай болмаған. Қоғамда бірталай өзгерістер орын алып келеді. Енді  Конституцияны бекітетін кез келді. Ол орынды деп ойлаймын», – деді «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов.

Новости партнеров