Конституциялық реформа: саяси трансформацияның қазақстандық жолы

29.05.2022 17:09

Іс-шараға қоғам белсенділері, маслихат депутаттары, университет ұстаздары, жергілікті жастар қатысты

Bauyrzhan Serikbayev / facebook

Ақтау қаласында «Конституциялық реформа: саяси трансформацияның қазақстандық жолы» атты «Sarap» эксперттік клубының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, сондай-ақ Қазақстанның қоғамдық даму институтының сарапшылары қатысты.

Отырыс қатысушылары алдағы референдумның елді дамыту мен қоғамды демократияландырудағы маңызын, сондай-ақ Жаңа Қазақстанды құрудағы конституциялық реформаның рөлін талқылады. Сарапшылар мемлекеттің басты құжатына енгізілмек өзгерістер мен толықтырулардың ҚР  саяси жүйесіне қалай әсер ететіні туралы пікір алмасты.

Шараны Референдумды қоғамдық қолдау республикалық штабының қолдауымен Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырды.

Айта кетейік, Конституцияның 33 бабына 56 өзгеріс енгізіледі. Заң шығаруда Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті басқаруда маслихаттардың ықпалы артады. Бұл Қазақстанның келешек даму барысын айқындайтын маңызды референдумға халқымыз белсенді түрде қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенеміз.