Мұқасан Шахзадаев референдумда дауыс берді

05.06.2022 15:53

Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр

Almaty.tv

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Мұқасан Шахзадаев референдум учаскесіне барып дауыс берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Мен референдумға дауыс беруге келдім. Жаңа Қазақстан құру үшін өз таңдауымызды жасауымыз керек. Сондықтан референдуды қалдап, өз даусымды беремін. Қазақ елі мәңгілік жасай берсін!» –  деді әнші Мұқасан Шахзадаев.

Айта кетейік, бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр.