Жапония мен Кореядағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады

05.06.2022 16:24

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігі

Шетелде алғашқы болып Жапония мен Корея Республикасындағы дауыс беру учаскелері өз жұмысын бастады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі

Токио қаласында референдум учаскелері таңғы сағат 7.00-де, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы сағат 4.00-те ашылған. Қазақстан азаматтарының Жапония мен Корея Республикасындағы белсенділігі отандастарымыздың Президент ұсынған саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңыздылығына үлкен мән беретіндігінің айқын дәлелі.