Бүгін елімізде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр
Белгілі скрипкашы Жамиля Серкебаева Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан № 254 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін мұнда мерекедегідей, референдумға дауыс беруге келгендерді есік алдында әуенмен қарсы алуда. Дауыс беру учаскесі қызылды-жасылды шарлармен безендірілген. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы болу үшін бұл топтағы адамдар үшін арнайы кабинкалар жабдықталған. Оның ішінде компьютер, көзі көрмейтін тұрғындар үшін лупа, құлаққап, бедерлі бланка қойылған.
«Мемлекет басшысы Конституцияға енгізілетін бірқатар түзетулер туралы атап өткен болатын, оның ішінде қоғамның барлық саласы қамтылған. Сондықтан мен алдағы уақытта жақсы өзгерістер болатынына сенемін. Бүгін менің көңіл күйім өте керемет, себебі бүгінгі күннің маңыздылығын жақсы түсінемін, менің де дауысым маңызды екенін білемін. Сондықтан өз таңдауымды жасадым», – дейді Жамиля Серкебаева.